Алматы облысында АЭС-ке ең үздік атау беруге арналған конкурсты өткізу бойынша жұмыс тобы құрылды

АЭС, атомная электростанция, производство электроэнергии, атомная промышленность, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.09.2025 14:48 Фото: pixabay
Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасы 2025 жылғы 18 тамызда Алматы облысының Жамбыл ауданында атом электр станциясына ең үздік атау беруге арналған жалпыұлттық конкурсты өткізу мәселелері бойынша жұмыс тобын құру туралы бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Алматы облысының Жамбыл ауданында атом электр станциясына ең үздік атау беруге арналған жалпыұлттық конкурсты өткізу мәселелері бойынша жұмыс тобын құру", – делінген құжатта.

Жұмыс тобының құрамына кіргендер:

  • Сатқалиев Алмасадам Маиданұлы – Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасы, жетекші;
  • Махамбетов Асет Кеңесбекұлы – Агенттік төрағасының орынбасары, жетекшінің орынбасары;
  • Көшекбаева Нұрлыгүл Бердіханқызы – Агенттіктің қоғаммен байланыс басқармасының басшысы, хатшы;
  • Исатаев Рустам Маратұлы – Алматы облысы әкімінің орынбасары;
  • Бақтияр Спандияр Бақтиярұлы – Агенттік аппарат басшысының міндетін атқарушы;
  • Жонкина Айгерім Балтабекқызы – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің креативті индустриялар департаментінің директоры;
  • Шаухина Раушан Нығметқызы – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің салаларды цифрландыру департаментінің директоры;
  • Төлеген Әділет Нұрланұлы – ҚР Президенті жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" РММ медиа жобалар қызметінің басшысы;
  • Сахиев Саябек Қуанышбекұлы – Агенттіктің "Ядролық физика институты" РМК бас директоры;
  • Батырбеков Ерлан Ғадлетұлы – Агенттіктің "Ұлттық ядролық орталығы" РМК бас директоры;
  • Бердігүлов Ернат Құдайбергенұлы – "Қазақстан атом электр станциялары" ЖШС (ЖШС "ҚАЭС") бас директоры;
  • Сәрпеков Азат Толқынұлы – "ҚАЭС" ЖШС аппарат басшысы;
  • Путилин Николай Сергеевич – "ҚАЭС" ЖШС коммуникациялар департаментінің директоры – баспасөз хатшысы.

Жұмыс тобына мынадай мәселелер бойынша ұсынымдар әзірлеу тапсырылды:

  • Конкурсты өткізу мерзімдері, ұсыныстарды қабылдау және қарау тәртібін айқындайтын алгоритм мен Ережелер жобасы;
  • Қоғам өкілдерінің, креативті индустрия өкілдерінің, атом энергиясы, тарих және филология салаларының сарапшыларының қатысуымен Конкурс комиссиясының ережесі мен құрамы.

Бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Бұған дейін 2025 жылдың соңына дейін алғашқы АЭС-ке атау берудің қысқаша тізімін әзірлеу үшін комиссия отырысы өтетіні хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: