Парламентте анасын құттықтауға бола ма – Сенат төрағасының пікірі
Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев 2025 жылғы 11 қыркүйекте палата дәлізінде Парламент жұмысы кезінде туыстарын тікелей эфирде құттықтау қаншалықты дұрыс екеніне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Кеше, 2025 жылғы 10 қыркүйекте Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ардақ Назаров депутаттық сауалды оқып бермей тұрып, анасын 70 жасымен құттықтаған еді.
"Әрине, маған, Сенат спикері ретінде, көршілес палатаның депутаттары не айтатынын пікірлеу онша орынды болмас. Сол себепті, мен бұл жөнінде пікір білдіруден бас тартайын", – деді Әшімбаев.
Журналистер одан мұндай жағдайдың Сенатта болуы мүмкін бе деп сұрады.
"Егер сенаторлардың бірі анасын қатты жақсы көрсе, мүмкін шығар. Бірақ әзірге мұндай жағдай болған жоқ", – деп жауап берді Сенат спикері.
Айта кетейік, депутаттың өзі көтерген сауал әскери міндеттілерді әскерге шақыру процесін өзгерту қажеттігіне қатысты болды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript