Астана мен Алматыда найзағай ойнап, жаңбыр жауады, ал Шымкентте +34°С-қа дейін аптап ыстық

Алматы, осень в Алматы, пасмурная погода в Алматы, тучи в Алматы, виды Алматы, город Алматы, виды города Алматы, пейзаж Алматы, Алматинский пейзаж, панорама Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.09.2025 16:56 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
"Қазгидромет" РМК дерегінше, Астана мен Алматыда қолайсыз ауа айы күтілуде, синоптикер найғазай ойнап, жаңбыр жауады деп отыр. Ал, Шымкентте аптап ыстық болжануда - ауа температурасы +34°С-қа дейін жетуі мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қаласы бойынша ауа райы болжамы

  • 12 қыркүйек: ауыспалы бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Түнде және таңғы уақытқа тұман күтілуде. Солтүстік, солтүстік-шығыс желі: түнде 3-8 м/с, күндіз 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +5…+7°С, күндіз +13…+15°С.
  • 13 қыркүйек: ауыспалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр. Түнде және таңертең тұман басуы мүмкін. Солтүстік-шығыс желі: 9-14 м/с, күндізгі екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +3…+5°С, күндіз +11…+13°С.
  • 14 қыркүйек: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Солтүстік-шығыс желі 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +2…+4°С, күндіз +12…+14°С.

Алматы қаласы бойынша ауа райы болжамы

  • 12 қыркүйек: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыс желі 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +13…+15°С, күндіз +26…+28°С.
  • 13 қыркүйек: ауыспалы бұлтты, күндіз жаңбыр мен найзағай күтілуде. Солтүстік-шығыс жел солтүстік-батысқа ауысады: 3-8 м/с, күндіз екпіні 15 м/с. Ауа температурасы түнде +14…+16°С, күндіз +27…+29°С.
  • 14 қыркүйек: ауыспалы бұлтты, жаңбыр мен найзағай болуы мүмкін. Солтүстік-батыс желі 3-8 м/с, күндіз екпіні 15 м/с. Ауа температурасы түнде +14…+16°С, күндіз +24…+26°С.

Шымкент қаласы бойынша ауа райы болжамы

  • 12 қыркүйек: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыс желі 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +14…+16°С, күндіз +32…+34°С.
  • 13 қыркүйек: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыс желі 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +16…+18°С, күндіз +30…+32°С.
  • 14 қыркүйек: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыс жел солтүстік-батысқа ауысады: 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +14…+16°С, күндіз +26…+28°С.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: