Өрт сөндірушілер Алматыда Шығыс айналма жолы маңындағы тауда болған өрт кезінде тұрғын үйлерді аман алып қалды

Өрт сөндірушілер Алматыда Шығыс айналма жолы маңындағы тауда болған өрт кезінде тұрғын үйлерді аман алып қалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.09.2025 19:13 Сурет: Zakon.kz
Алматыда 11 қыркүйек күні өрт сөндірушілер Шығыс айналма жолының бойында, Төле би көшесінің солтүстігінде шыққан өртті оқшаулады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Куәгерлердің айтуынша, тау бөктерімен тараған от жеке тұрғын үйлерге және ағаштарға дейін жеткен. Нәтижесінде, бір үйдің қаптамасы зақымданған, алайда тұрғын үйлер аман қалды.

Сурет: Zakon.kz

Сурет: Zakon.kz

Қазіргі уақытта ашық жалын жоқ, бірақ өрт сөндірушілер қайталануын болдырмау үшін түтіндеген жерлер мен өрт ошақтарына су шашуды жалғастыруда.

Сурет: Zakon.kz

Сурет: Zakon.kz

Оқиға орнында өрт сөндіру техникасы жұмыс істеп жатыр.

Бұған дейін астаналық құтқарушылар жеделсатыда қалып қойған 9 адамды босатқанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: