Таразда 22 жастағы азамат шешесін зорлады деп күдіктеліп ұсталды

Домашнее насилие, бытовое насилие, жертва насилия, насилие над женщинами, физическое насилие, насилие, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.09.2025 15:09 Фото: pexels
Таразда әйел ұлын зорлады деп айыптады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды. 41 жастағы Тараз тұрғыны полицияға арыз беріп, 22 жастағы ұлын зорлады деп айыптаған.

Полиция бұл фактілерді растады.

"Тараз қаласы полиция басқармасымен аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 1-бөлігі бойынша тергеу басталды. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде 22 жастағы күдікті анықталып, ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта істің жан-жақты, толық және объективті тергелуіне бағытталған барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады 12 қыркүйекте Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

ҚР ҚПК-нің 201-бабы бойынша тергеу мүддесіне қатысты басқа ақпарат жарияланбайды.

Айта кетейік, Түркістан облысында әкесін өлтірген азамат қамауға алынды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: