Төтеншеліктер жер сілкінісі кезіндегі қарапайым 10 қадаммен таныстырды

Сейсмометр, сейсмология, сейсмологи, сейсмограмма, землетрясение, подземные толчки, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.09.2025 18:27 Фото: wikimedia/Petr Brož (Czech Academy of Science)
2025 жылғы 12 қыркүйек Астана уақытымен 12:57-де Алматы қаласынан 187 км оңтүстік-батыста жер сілкінісі тіркелді. Осыған байланысты, еліміздің құтқару қызметі дүмпу кезіндегі алғашқы қадамдармен таныстырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сонымен, ТЖМ таратқан мәліметке сүйенсек, жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам келесідей:

  1. Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;
  2. Жеделсаты мен баспалдақты қолданбаңыз;
  3. Жиhаздан, терезеден, ары тұрыңыз;
  4. Жасырынатын жерді табыңыз – жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыныңыз;
  5. Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда), ал көп қабатты үйлерде дүмпу аяқталған соң шығу керек;
  6. Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;
  7. Дабыл жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);
  8. Электр желілерден , ғимарат, ағаштардан аулақ болыңыз;
  9. Жер сілкінуіне дайын болыңыз;
  10. Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.

Бұған дейін Ауғанстанда жер сілкінісі кезінде қаза тапқандар саны 2205 адамға жеткенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: