Қарағандылық құтқарушылар 2 адамды өрттен аман алып қалды
Фото: Zakon.kz
Қарағандылық ТЖМ қызметкерлері 2025 жылғы 12 қыркүйекте жанып жатқан өрт арасынан 2 адамды құтқарып, эвакуациялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомство мәліметіне сүйенсек, Қарағанды облысы Шахтинск қаласының Мәскеу көшесінде екі қабатты тұрғын үйдің 1-қабатта орналасқан пәтерлердің бірінде өрт шықты.
Өрт ошағынан ТЖД бөлімшелерінің күшімен пәтер иесі құтқарылды. Сондай-ақ, баспалдақ маршымен бір адам эвакуацияланды.
"Құтқарушылардың уақытылы және кәсіби әрекеттерінің арқасында өрт қысқа мерзімде сөндірілді",- делінген ақпаратта.
Сондай-ақ, пәтер иесінің ауруханаға жатқызылғаны белгілі болды.
Бұған дейін ауыр хәлде жатқан 40 жастағы науқас тікұшақ арқылы Зайсаннан Өскеменге жеткізілгенін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript