Сейсенбіде Қазақстанның үш облысында -1°С-қа дейін үсік күтіледі

Сейсенбіде Қазақстанның үш облысында -1°С-қа дейін үсік күтіледі, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.09.2025 18:45 Сурет: pixabay
2025 жылғы 16 қыркүйек, сейсенбі күні Қазақстанда найзағай ойнап, кей жерлерде нөсер жауын жаууы, бұршақ пен тұман түсуі мүмкін, сондай-ақ үсік жүреді. Бұл жөнінде "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болжамға сәйкес, түнде үсік күтіледі:

  •  -2°С-қа дейін – Абай облысының шығысында, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында,
  • топырақ бетінде -1°С-қа дейін – Ақмола облысының солтүстік-шығысында.
"Атмосфералық фронтал бөліктердің әсерінен Қазақстанның солтүстік, солтүстік-батыс, оңтүстік, оңтүстік-шығыс және орталық аймақтарында найзағай ойнап, жаңбыр жауады, бұршақ түсуі мүмкін. Қарағанды облысында түнде, Жамбыл облысында күндіз қатты жауын-шашын болжанады", - делінген "Қазгидромет" РМК хабарламасында.

Елдің басқа өңірлерінде солтүстік-батыс антициклонының ықпалынан жауын-шашын жаумайды.

"Республика бойынша жел күшейеді, түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал", - деп нақтылады "Қазгидромет" РМК.

Сонымен қатар бірқатар аймақта өрт қаупі күтіледі:

  • жоғары өрт қаупі – Жетісу облысының солтүстігі мен шығысында, Алматы облысының оңтүстігі мен шығысында, Батыс Қазақстан облысының шығысында, Ақтөбе облысының батысы мен орталығында, Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында;
  • төтенше өрт қаупі – Алматы, Түркістан, Қызылорда, Атырау, Жамбыл облыстарында, Жетісу облысында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстік-батысы мен оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстік-батысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының шығысында.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: