Алматыда жүк көлігі қатты жылдамдықпен газ құбырының тірегіне соғылып, аударылып қалды

Алматыда жүк көлігі қатты жылдамдықпен газ құбырының тірегіне соғылып, аударылып қалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.09.2025 20:12 Сурет: Zakon.kz
Желіде 15 қыркүйек күні жүк көлігінің қатты жылдамдықпен келіп, газ құбырының тірегін құлатып бара жатқан сәті түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 16:40-та Бостандық ауданында болған.

Жергілікті полиция қызметінің кезекші бөлімі таратқан ақпаратқа сәйкес, Skacman маркалы жүк көлігінің жүргізушісі Үшкемпіров көшесімен солтүстік бағытта қозғалып келе жатып, рөлге ие бола алмай, газ құбырының тірегіне және ағашқа соғылған. Кейін көлік аударылып қалған.

Апат салдарынан жүргізуші жарақат алып, қаладағы ауруханалардың біріне жеткізілді.

Қазіргі таңда Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Бұған дейін Алматыда самокатшы саябақта баланы қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткені хабарланған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: