Алматыда Қазақстан әйелдер бокс құрамасын салтанатты түрде қарсы алды

Аэропорт в Алматы, аэропорт Алматы, Алматинский аэропорт, здание аэропорта Алматы, парковка аэропорта Алматы, парковочные места в аэропорту Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.09.2025 09:56 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
2025 жылғы 16 қыркүйекке қараған түні Алматы әуежайында Ливерпульде өткен әлем чемпионатына қатысқан қазақстандық боксшы қыздарды салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түнгі рейске қарамастан, Назым Қызайбай, Алуа Балкибекова, Наталья Богданова, Аида Әбікеева, Виктория Графеева және Елдана Тәліпованы жақындары мен жанкүйерлері күтіп алды. Мерекелік көңіл күйді әскери оркестр мен домбырашылардан құралған музыканттар тобы сыйлады.

Әйелдер құрамасының капитаны Назым Қызайбай күміс жүлдеден бөлек, өткен туған күнімен де құттықтаулар қабылдады. Спортшының айтуынша, оның келесі басты мақсаты – Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алу.

Қазақстанның әйелдер бокс құрамасы турнирді жалпыкомандалық есепте бірінші орынмен аяқтады. Алтын медальды Алуа Балкибекова, Аида Әбікеева және Наталья Богданова жеңіп алды. Назым Қызайбай күміс жүлдеге ие болса, Виктория Графеева мен Елдана Тәліпова қола медаль иегерлері атанды.

Бұған дейін Мемлекет басшысының бокстан Әлем чемпионатында топ жарған боксшыларды құттықтағанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: