Ақордада Мажарстан президентін салтанатты түрде қарсы алды

Тоқаев Венгрия президентін салтанатты түрде қарсы алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.10.2025 16:51 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстан президентін салтанатты түрде Ақорда резиденциясында қарсы алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақпаратты 2025 жылдың 2 қазанында Ақорданың баспасөз қызметі таратты.

Ресми хабарламаға сүйенсек "Ақорда" резиденциясында елімізге ресми сапармен келген Мажарстан Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.


Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тамаш Шуйок бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды.

Бұған дейін хабарланғандай, Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өткен Digital Bridge 2025 халықаралық форумында сөз сөйлеп, жасанды интеллект тек бейбіт мақсатта қолданылуы тиіс екенін атап өтті және оның қазақстандықтардың өмірінің барлық саласына енгізілуі туралы пікір білдірді.

Кейінірек Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар кездесулер өткізді, соның ішінде Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровпен жүздесті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: