Жамбыл облысында полицейлер синтетикалық есірткі тасымалдау әрекетін әшкереледі
Фото: Zakon.kz
Жамбыл облысында "Қарасора-2025" республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы аясында есірткі айналымына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері синтетикалық есірткіні тасымалдаған күдіктіні ұстады.
Жедел-іздестіру шаралары қызметтік ит Сэмнің көмегімен жүргізілді. Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық тасжолының 228-шақырымында Alphard автокөлігі тоқтатылды.
Тексеру барысында көліктің жолаушыларының бірінен жалпы салмағы 40 грамм 13 миллиграмм болатын синтетикалық есірткі – мефедрон табылып, тәркіленді.
Белгілі болғандай, Шу қаласының тұрғыны бұл затты Алматы қаласына заңсыз жеткізбек болған.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау, тасымалдау немесе өткізу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript