Президент Көкшетауда жаңа қонысқа қадам басқан отбасымен кездесті
Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысына жұмыс сапары барысында Көкшетаудағы реновация бағдарламасы аясында пәтер алған отбасына барды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2025 жылғы 16 қыркүйекте Ақорданың Telegram-каналы хабарлады.
"Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғын үй кешеніндегі пәтерлерді аралап көріп, реновация бағдарламасы аясында жаңа қонысқа көшіп келген отбасылардың бірімен әңгімелесті", - делінген хабарламада.
Мемлекет басшысының баспасөз қызметі сапардан фото мен видео да таратты.
Қасым-Жомарт Тоқаев отбасыны қоныс тойымен құттықтады.
"Жақсы пәтер екен. Мұнда әрқашан береке-бірлік орнасын", - деп тілек білдірді президент.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ақмола облысына жұмыс сапарымен барған еді. Президент алдымен өңірдегі егін жинау науқанының барысымен танысты. Сондай-ақ жуырда Қостанай облысына баратынын айтты.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript