Мәжіліс электрондық архив құру және азаматтардың деректерін қорғау заңын қолдады
Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
2025 жылғы 17 қыркүйекте Мәжіліс депутаттары пленарлық отырыста архив ісі мәселелеріне қатысты заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Құжатқа сәйкес, заң жобасында мыналар қарастырылған:
- ҚР "Ұлттық архив қоры және архивтер туралы" заңын архивтік құжаттарды қалыптастыру, сақтау және пайдалану саласында қолдану аясын кеңейту;
- Ұлттық архив қорының құрамын тәжірибелік-конструкторлық, жобалық-сметалық және қала құрылысы құжаттамасымен, сондай-ақ оларға қатысты сызбалар мен мәтіндік жазбалармен толықтыру.
"Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын сақтау мақсатында мемлекеттік бюджет есебінен жасалған аудиовизуалды құжаттардың міндетті даналарын жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік архивтерге тапсыру нормасы бекітілді. Сонымен қатар, заң жобасында архивтерде сақталатын азаматтардың жеке деректерін қорғау функциялары да белгіленген", – делінген құжатта.
Заң жобасы электрондық архив жүргізу тәртібін, оның ішінде "Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві" жүйесін енгізу жолдарын реттейді, сондай-ақ құжаттарды Ұлттық архив қорына енгізу, сақтау және меншікті құқықтарды нақтылайды.
Ұсынылған өзгерістер мен толықтырулар Ұлттық архив қорын сақтау және цифрлық құжаттардың үлесін арттыруға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, 2025 жылғы 10 қыркүйекте Мәжіліс депутаттары дамушы елдерді ескере отырып, ең төменгі жалақыны белгілеу жөніндегі Конвенцияны ратификациялаған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript