Қазақстанның төрт қаласында қолайсыз метеожағдай күтіледі

Смог, загрязнение воздуха, выхлопы, пелена, дымка, смог в Алматы, загрязнение воздуха в Алматы, грязный воздух в Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.09.2025 11:04 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
2025 жылдың 19 қыркүйегінде елдің бірқатар өңірлерінде қолайсыз метеорологиялық жағдай (ҚМЖ) болады, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің дерегінше, ҚМЖ Ақтөбе мен Көкшетауда, сондай-ақ түнде – Атырау мен Қостанайда күтіледі.

Қолайсыз метеожағдай штиль, әлсіз жел, тұман немесе инверсия кезінде пайда болып, зиянды заттардың жер бетіне жақын ауа қабатында жиналуына ықпал етеді.

Мамандар тұрғындарға:

  • көшеде ұзақ уақыт болмауға, әсіресе автожолдар мен өнеркәсіп орындарының маңында сақ болуға;
  • тыныс алу жолдарының созылмалы ауруы барларға, жүрек-қан тамырлары немесе аллергиялық сырқатпен ауыратындарға қажетті дәрілерді өзімен бірге алып жүруге кеңес береді.

Бұған дейін "Қазгидромет" 19 қыркүйекте Қазақстанның бір облысында –2°С-қа дейінгі үсік күтілетінін хабарлаған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: