"Тіс дәрігері болғым келген": сотталғанның ащы өкініші
Фото: pexels
Есірткі қылмысы үшін сотталған 23 жастағы жігіт бостандықтан айырылғанына қатты өкінетінін айтты.
Ол өзінің қателіктерін мойындап, неге мұндай жолға түскенін әңгімелеп берді. Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген ол Семей қаласында өсіп, тіс дәрігері мамандығын меңгеруді бастаған екен.
Балалық арманы – адамдарға пайдасын тигізіп, олардың денсаулығына қарау болған еді.
"Өмірімді есірткімен байланыстырдым. Шамамен екі жылдай қолдандым. Соның салдары, міне — қазіргі жағдайым. Ұстау кезінде менен есірткі табылды", — дейді ол.
Жас жігіт бүгінгі күйін ешкімнің басына бермесін деп тілейді. Оның айтуынша, есірткіге жақындаған адамның соңы бәрібір қайғымен аяқталады.
"Есірткіге тәуелді болу – ортаңнан емес, өз мінезіңнен шығады. Ешкімді тыңдамадым, өзімді бәрінен ақылды санадым. Қазір менің қатарластарым диплом алып жатыр, ал мен олардың қатарында жоқпын. Бұл – өте ауыр", — дейді ол қынжылып.
Жастық шақтағы алаңсыз қуаныштарын ойланбай жасаған әрекеттері мен азғырудың кесірінен жоғалтқанын сотталған азамат ащы өкінішпен жеткізді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript