Қазақстандықтар өз балаларын 500 мың теңгеге сатып жатыр: жыл басынан бері 19 іс қозғалды

Новорожденный, новорожденные, младенец, младенцы, ребенок, дети, грудничок, груднички, малыш, малыши, рождаемость, родильный дом, роддом, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.09.2025 15:09 Фото: pexels
Адам саудасына қарсы күрес басқармасы басшысының орынбасары Шынар Күшербаева 2025 жылғы 19 қыркүйекте "Заң және тәртіп: адам саудасына қарсы күрес мәселелері" атты дөңгелек үстел басталар алдында жаңа туылған балалар саудасына қатысты фактілерді жария етті, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның мәліметінше, жыл басынан бері балалар саудасы саласында 19 қылмыстық іс қозғалған.

"Барлық осы істер жаңа туылған балаларды асырап алу мақсатында саудалау фактілері бойынша. Мұндай фактілер барлық өңірлерде анықталады, мысалы, Алматыда", – деді Күчербаева.

Спикер мұндай сауданың ең көп таралған схемелерін түсіндірді:

"Бір жағында бала асырап ала алмайтын ата-аналар болса, екінші жағында өз баласынан бас тартқысы келетіндер бар. Сондай-ақ аралықта бұл ісімен табыс табуды көздейтін делдалдар қатысады. Біреу асырауға мүмкіндігі жоқ, біреу баласынан бас тартқысы келеді, кейде жас қыздар жүкті болуды жоспарламағандықтан, материалдық жағдайына байланысты осындай қылмыстарға барады", – деп атап өтті ІІМ өкілі.

Сонымен қатар, ол бір баланың орташа бағасы 500 мың теңгеден 1,5 млн теңгеге дейін екенін айтты.

Бұған дейін біз хабарлағанымыздай, Қазақстанда жыл басынан бері адам саудасы бойынша 141 қылмыстық іс қозғалған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: