Шымкентте ойын-сауық орталығы өртеніп, алты адам ауруханаға түсті

Пациенты в палате, палата, лечение, медицинское учреждение, больница, госпитализация, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.09.2025 22:26 Фото: Zakon.kz
Шымкенттегі ең үлкен ойын-сауық орталығы өртеніп, бірнеше адам зардап шекті. "Бай парк" деп аталатын орталықтың екінші қабатынан шыққан өрт әп-сәтте үшінші қабатты да шарпыған, деп хабарлайды Zakon.kz.

KTK ақпаратына сүйенсек, өрт түсте тұтанған. Қызыл жалын әуелі киім сататын екінші қабаттан шығып, жоғары қабаттағы тамақтанатын орындар мен фитнес залын қою түтін тез басыпты. Өрттен қашқандардың бірі терезеден, енді бірі шатырға шығып жан сауғалаған. Оттың ортасында қалғандарға құтқарушылар көмекке келді. Жалынды сөндіруге 24 техника мен 90 өрт сөндіруші жұмылдырылған. Түтінге уланған алты адам ауруханаға жеткізілді. Бірі — жансақтау тағы үшеуі токсикология бөліміне жатқызылған. Тағы екі тұрғын дәрігерлердің бақылауынан кейін үйіне қайтарылыпты. Өрттің себебі анықталып жатыр.

"13:27-де өрт оқшауланып, 13:55 минутта толық сөндірілді. Бір адам шатырдан түсірілді. Біреуі екінші қабаттың терезесінен түсірілді. Қалған үш адам орталықтың ішінен алып шығарылды. Екінші қабат өртенгенмен, үшінші қабатты қатты қою түтін басқан. Үшінші қабатында фитнес клуб бар екен. Жаңағы адамдардың барлығы сол жерде жаттығып жатқан болуы керек".Ғизат Қамбаров, Шымкент ТЖД бастығының орынбасары

Бұған дейін Талдықорғанда құтқарушылар газ құбырындағы зақымданудан болған өртті сөндіргенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: