Қазақстанда жүйеқұраушы кәсіпорындардың жаңартылған тізімі жария етілді

Қазақстанда жүйеқұраушы кәсіпорындардың жаңартылған тізімі жария етілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.09.2025 10:50 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Zakon.kz хабарлауынша, 2025 жылғы 11 қыркүйекте Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығымен жүйеқұраушы кәсіпорындардың тізімі бекітілді.

Жалпы елдің барлық өңірінен 101 кәсіпорын енгізілді. Олардың ішінде:

Астанада:

  • "Тау-Кен Алтын" ЖШС
  • "Кока-кола Алматы боттлерс" бірлескен кәсіпорны ЖШС филиалы
  • "Локомотив құрастыру зауыты" АҚ
  • "Электровоз құрастыру зауыты" ЖШС
  • "Транспортейшн Глоубель ЭЛ-ЭЛ-СИ" компаниясының ҚР филиалы

Алматыда:

  • "Hyundai Trans Kazakhstan" ЖШС
  • "Лотте Рахат" АҚ
  • "Евразиан Фудс Корпорэйшн" АҚ
  • "Hyundai Trans Auto" ЖШС

Шымкентте:

  • "Петро Қазақстан Ойл Продактс" ЖШС
  • "Химфарм" АҚ
  • "Стандарт цемент" ЖШС
  • "Qazalpack" ЖШС

Бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Бұған дейін әрекет еткен жүйеқұраушы кәсіпорындардың тізімі жойылды. Ол тізімде 350-ден астам ұйым болған. Оның ішінде тау-кен, құрылыс, сауда және коммуналдық кәсіпорындар да бар еді.

Еске сала кетейік, жүйеқұраушы кәсіпорындарға өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі облыстың, республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың жиынтық өндіріс көлемінің 3%-дан асатын кәсіпорындар жатады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: