СҚО-да 200 млн теңге көлеміндегі мүлік мемлекет меншігіне қайтарылды

Деньги, тенге, национальная валюта РК, курс тенге, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.09.2025 16:15 Фото: Zakon.kz
Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары мемлекеттің материалдық мүдделерін қорғау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде.

Жалпы, жыл басынан бері прокурорлық қадағалау шаралары бойынша жалпы сомасы 30 млрд теңгені құрайтын мүлік мемлекет меншігіне қайтарылды.

Осылайша, Есіл ауданы әкімдігінің Экономика және қаржы бөлімінің лауазымды тұлғалары Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі – – Кодекс) 242-бабының талаптарын бұза отырып, 14 иесіз нысанды (су мұнарасы, ауылдық клуб ғимараты, трансформаторлық қосалқы станция, ұңғыма, су құбырының тарату желілері және т.б.) коммуналдық меншікке қабылдау шараларын қабылдамаған.

Дәл осындай заңбұзушылықтар Шал ақын ауданы әкімдігінің Экономика және қаржы бөлімінде ұзындығы 6 км құрайтын иесіз су желілері бойынша да анықталды.

Қызылжар ауданында Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі Кодекс талаптарына қайшы, мердігер ұйымда болған 13,1 млн теңгенің жабдығын (трансформаторлық қосалқы станция, дизельдік генератор) қайтару шараларын қабылдамаған.

Прокурорлық қадағалау актілері бойынша кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылып, сомасы 200 млн теңгеге иесіз нысандар мен жабдықтар мемлекет меншігіне қайтарылды.

Қадағалау органы бұл бағыттағы жұмысты жалғастыруда.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: