Қазақстан мектептерінде бір пән өзгертіледі

Школа, школы, школьный кабинет, школьные кабинеты, класс, классы, школьные занятия, уроки , сурет - Zakon.kz жаңалық 22.09.2025 16:42 Фото: Zakon.kz
Қазақстан Білім және ғылым министрлігінің Орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев 2025 жылғы 22 қыркүйекте Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мектептерде жасанды интеллект (ЖИ) қалай енгізілетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Қаныбек Жұмашевтің айтуынша, жаңа оқу жылдан бастап мектептерде ЖИ енгізу басталған.


"Арнайы жоспар жасалды, оның негізінде ЖИ қолдануда этикалық нормаларды сақтау, мұғалімдерді жоғары деңгейде дайындау және балалар үшін ЖИ тек оқу процесін қолдаушы құрал болып табылатыны басты назарға алынған. Қазір шамамен 200 педагог дайындалды. "Информатика" пәні "Информатика және ЖИ" деп өзгертіліп, оның аясында жасанды интеллекттің негізгі элементтері енгізіледі. Сондай-ақ басқа пән мұғалімдері де ЖИ технологияларын оқу процесінде пайдалана алады", – деді спикер.

Сонымен қатар, педагогтің негізгі рөлі сақталатынын атап өтті: жасанды интеллект ешқашан мұғалімді алмастыра алмайды.

Еске салайық, бұған дейін Білім және ғылым министрі Ғани Бейсембаев пен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мадиев 2025–2029 жылдарға арналған орта, техникалық және кәсіби, кейінгі орта білім жүйесіне жасанды интеллект енгізудің концептуалды негіздерін бекіту туралы Бірлескен бұйрыққа қол қойған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: