СҚО-да таяқ тартудан мықтылар анықталды

Солтүстік Қазақстан облысында 70-тен астам полиция қызметкері мас-реслинг деген атпен белгілі таяқ тарту ұлттық спорт түрінен іріктеу жарыстарына қатысты., сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2025 09:25 Сурет: ҚР ІІМ
Солтүстік Қазақстан облысында 70-тен астам полиция қызметкері мас-реслинг деген атпен белгілі таяқ тарту ұлттық спорт түрінен іріктеу жарыстарына қатысты.

Іс-шараны "Динамо" дене шынықтыру-спорт қоғамы стадионының базасында СҚО полиция департаменті арнайы және кәсіби даярлық басқармасының қызметкерлері ұйымдастырды. Жарыс бес салмақ дәрежесінде өтті.

Бірінші жалпы командалық орынды ПД аппаратының қызметкерлері, екінші және үшінші орынды Тимирязев ауданы мен Мағжан Жұмабаев ауданы полиция бөлімдерінің командалары жеңіп алды.

Бес жеңімпаз ҚР құқық қорғау органдарының, күштік және арнаулы құрылымдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілері арасындағы республикалық жарыстарда облыс атынан өнер көрсетеді.

Ұлттық спорт түрлерімен шұғылдану полицейлерге дене қалпын жақсы деңгейде ұстауға көмектесіп қана қоймай, патриоттық тәрбиеге де ықпалын тигізеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: