Қазақстанда 2025 жылдың соңына дейін бес жаңа құс фабрикасы іске қосылады

Птицеводство, птицефабрика, птицы, курица, яйца, клеточная батарея, яичные куры, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2025 12:49 Фото: primeminister.kz
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров 2025 жылғы 23 қыркүйекте үкімет отырысында халықты отандық құс етімен қамтамасыз ету деңгейін баяндады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрдің айтуынша, 2020 жылы бұл көрсеткіш небәрі 58% болған.

"Сол уақыттан бері біз қамтамасыз ету деңгейін 82%-ға дейін жеткіздік. Яғни импортқа тәуелділікті азайттық. Бұл бағытта жұмысты жалғастырамыз. 2027 жылға қарай халықты құс етімен толықтай, 100% қамтамасыз етеміз", – деді Сапаров.

Оның сөзінше, бүгінде құс еті Макинск құс фабрикасында, сондай-ақ "Прима кус", "Северный бройлер" және басқа да кәсіпорындарда өндіріледі.

"Биыл қосымша бес құс фабрикасы іске қосылады", – деп толықтырды министр.

Айта кетейік, бүгін, 23 қыркүйекте Сауда министрлігі құс еті бағасының қымбаттауын күтпейтінін хабарлаған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: