Салқын ауа райы егін жинау мен астық сапасына әсер етуі мүмкін – Бектенов әкімдіктерге ескерту жасады

Кукурузное поле, кукуруза, сбор кукурузы, урожай, выращивание кукурузы, сбор урожая, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2025 13:02 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов 2025 жылғы 23 қыркүйекте өткен Үкімет отырысында солтүстік өңірлердің әкімдіктеріне бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Премьердің айтуынша, бүгінде ел бойынша егін жинау науқаны қарқынды жүріп жатыр, ал оңтүстік өңірлерде ол аяқталуға жақын.

"Алдын ала нәтижелер оң бағалануда. Жанар-жағармайды жеткізу қолданыстағы кестеге сәйкес толық орындалуы тиіс. Ұзаққа созылған жауын-шашын мен ауа температурасының төмендеуі жинау жұмыстарына кедергі келтіріп, астық сапасына әсер етуі мүмкін. Осы мәселеге қатысты e-Otinish жүйесіне шамамен 500 өтініш түсті. Оның ең көбі – Қостанай облысының диқандарынан, 300-ден астам арыз", – деді Бектенов.

Оның айтуынша, шаруалар кептіру жабдығын іске қосу және астықтың сатып алу бағасына қатысты қиындықтарға шағымдануда.

"Кептіру жабдықтарын газ жүйесіне қосу мүмкін болмай отыр. Қостанай облысының әкімдігі мен Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл мәселені шешуге жәрдемдесуі қажет. Әкімдіктерге Энергетика министрлігімен бірлесіп астық кептіруге қажетті сұйытылған газ бен дизель отынын бөлуді тапсырамын. Солтүстік өңірлердегі астықты кептіру процесіне ерекше назар аудару қажет", – деп қосты премьер.

Бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрі Қазақстанда азық-түлік өндірісі артқанын хабарлаған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: