Импорт көлеміндей экспорт та бар – АШМ басшысы күнбағыс майы жайлы

Подсолнечное масло, растительное масло , сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2025 16:38 Фото: Zakon.kz
Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров 2025 жылғы 23 қыркүйекте Үкіметтегі брифингте еліміздегі күнбағыс майы өндірісі туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, елімізде дәнді дақылдардың алқабы қысқартылып, есесіне майлы дақылдардың егістік көлемі 1 млн гектарға ұлғайтылған.

"Биыл біз 4 млн тонна майлы дақыл тұқымын жинаймыз деп күтіп отырмыз – мұндай көрсеткіш бізде бұрын-соңды болмаған. Қазір 88 қайта өңдеу кәсіпорнымыз бар. Олардың жүктемесі 70%-дан аспайды. Барлық қайта өңдеу зауыттары, сондай-ақ элеваторлар майлы дақыл тұқымдарын, сүрлемді сақтауға дайын", – деді Сапаров.

Министр қайта өңдеуде ешқандай мәселе туындамайтынын айтты.

"Бізде маймен қамтамасыз ету, негізінен, 100%-дық деңгейде. Бірақ импорт та, экспорт та бар. Қанша импорттасақ, сонша экспорттаймыз", – деп қосты ол.

Бұған дейін АШМ майлы дақылдардан рекордтық өнім болатынын хабарлаған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: