Президент еліміздегі саяси реформалар жөнінде мәлімет берді

Қасым-Жомарт Тоқаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.09.2025 00:21 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде кейінгі үш жылда ауқымды саяси және экономикалық реформалар жүргізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің айтуынша, жаһандық тұрақсыздық жағдайында Қазақстан батыл әрі дәйекті жаңғыру саясатын ұстанып келеді.

"Кейінгі үш жылда біздің аймақта бұрын-соңды болмаған саяси және экономикалық реформалар жасалды. Біз "Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет" формуласын басшылыққа аламыз", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Елімізде жалпыұлттық референдум арқылы Президентті жеті жылдық бір мерзімге сайлау тәртібі енгізілді. Бұл – елдегі демократиялық институттарды күшейтуге бағытталған маңызды өзгеріс.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы бір палаталы Парламент құру мәселесін жалпыұлттық референдумға шығаруды ұсынғанын еске салды.

"Мақсатымыз – саяси жүйенің қоғам сұранысына сай ашықтығы мен тиімділігін арттырып, оны ұдайы жетілдіру", - деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіліп жатқан реформалардың негізінде заң және тәртіптің бәрінен жоғары тұруы керек екенін атап өтті.

"Біз парасаттылыққа және заң үстемдігіне арқа сүйейтін басқару жүйесі ғана қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, азаматтардың құқығын қорғауға мүмкіндік береді деп санаймыз", - деді Мемлекет басшысы.

Президент бұл қағидаттар инвестициялық климатты жақсартуға, халықаралық сауда мен елдің қарқынды дамуына оң әсер ететінін айтты.

"Заңды мүлтіксіз сақтайтын азаматтардың мүддесін қорғау – әділеттілікке, есеп беруге және өзара құрметке негізделген басты басымдықтарымыздың бірі", - деп қорытындылады ол.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: