Тоқаев Қошановпен саяси реформалар мен жаңа заңдардың жүзеге асырылу жайын талқылады

Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Парламент Мәжілісі қызметінің нәтижелері жөнінде мәлімет берілді.
Қошановтың айтуынша, сессия басталғалы бері 62 заң қабылданып, Сенатқа жолданған. Оның ішінде 55 заңға Президент қол қойған. Қабылданған нормативтік-құқықтық актілердің қатарында Су кодексі, сондай-ақ қаржы нарығын дамыту және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқығын қорғау, тауарлардың шығарылған елін айқындау, денсаулық сақтау және ойын бизнесі туралы маңызды заңдар бар.
Бүгінге дейін депутаттардың қарауына 76 заң жобасы келіп түсті. Президент тапсырмасына сәйкес:
- Салық, Құрылыс кодекстері;
- міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға, ғылыми зерттеу аумақтарын дамытуға, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіруге және жасанды интеллектіге қатысты заң жобалары бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.
Мәжіліс төрағасы жаңа Салық кодексінің бірінші оқылымының қорытындыларын, Президенттің Бурабайда өткен Ұлттық құрылтай отырысында берген тапсырмаларын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету жұмыстары туралы баяндады. Сондай-ақ депутаттардың өңірлерге іссапарлары кезінде азаматтардан түскен арыз-шағымдарды мемлекеттік органдардың қарауы, Президенттің саяси реформаларын жүйелі жүзеге асыру мәселелері пленарлық отырыстарда тұрақты талқыланып келе жатқанын айтты.
AMANAT партиясының мынандай жобалары:
- "Қарызсыз қоғам",
- "Ауыл аманаты",
- "Жер аманаты",
- "Әкімдер мектебі" жобаларының жүзеге асырылу барысы Мемлекет басшысына таныстырылды.
Ерлан Қошанов парламенттік дипломатия аясында атқарылған жұмыстарға тоқталды:
- Мәжіліс делегациясы Ташкентте өткен 150-ші Парламентаралық одақ ассамблеясына қатысты;
- ҰҚШҰ парламенттік ассамблеясы, Түркі мемлекеттерінің парламенттік ассамблеясы, ТМД парламентаралық ассамблеясы және басқа да бағыттағы халықаралық ынтымақтастық шеңберінде белсенді жүргізіліп жатыр.
Бүгін Мемлекет басшысы экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді. Жиында тарифтік қақтығыстар салдарынан әлемдік нарықтағы жағдайдың өзгеруіне байланысты еліміздің іс-қимыл жоспары талқыланды.