Мемлекет басшысы экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің жұмыс отырысы өтті., сурет - Zakon.kz жаңалық 16.04.2025 13:04 Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің жұмыс отырысы өтті.

Жиында тарифтік қақтығыстар салдарынан әлемдік нарықтағы жағдайдың өзгеруіне байланысты еліміздің іс-қимыл жоспары талқыланды.

Премьер-министр Олжас Бектеновтің, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің, сондай-ақ басқа да құзыретті органдар басшыларының баяндамалары тыңдалды.

Сурет: akorda.kz

Президент қазіргі жаһандық экономикадағы ахуалдың тұрақсыз сипат ала бастағанын, сондықтан кез келген жағдайға дайын болу қажет екенін атап өтті.

Кеңес отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы жұмыстың негізгі бағыттарын айқындады.

"Үкіметтің міндеті – халықтың әл-ауқатын, экономикалық өсім қарқынын және тартылатын инвестиция көлемін төмендетуге жол бермеу", – деді Мемлекет басшысы.

Президент әлемдік деңгейдегі дағдарыстар әрдайым сын-қатерге толы болғанымен, дамудың жаңа көкжиегін ашатынын да айтты.

Мемлекет басшысы Қазақстанның экономикалық, көлік-логистикалық және адами әлеуетін нығайтуға ықпал ететін нақты стратегиялық бағыттарды атады.

Сурет: akorda.kz

Ірі инфрақұрылымдық жобалар мен цифрландыру жоспары еліміздің экономикалық саясатының басты бағыттары болып қала береді.

"Халық алдындағы негізгі әлеуметтік міндеттемелердің бәрін орындауға және маңызды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруды жалғастыруға тиіспіз", – деді Президент.

Мемлекеттің қаржылық тұрақтылығын сақтау мен ақша-несие саясатын іске асыру тетіктерін жетілдіруге ерекше назар аударылды.

Жиын соңында Президент мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырма берді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: