Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

Мемлекет басшысы, Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы , сурет - Zakon.kz жаңалық 29.12.2025 18:01 Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің ұлттық энергетикалық жүйенің орнықтылығына арналған отырысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2025 жылы 30 желтоқсанда Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Жиында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов және бірқатар мемлекеттік органдардың басшылары баяндама жасады.

Президент энергетикалық қауіпсіздік еліміздің тәуелсіздігі мен экономикалық орнықтылығын қамтамасыз ететінін атап өтті.

Сурет: Ақорда

Бүгінде Қазақстанның электр қуатын өндіруге қажетті ресурстары жеткілікті. Дегенмен сұраныстың ұдайы артуы қуат көздерін ұтымды әрі оңтайлы пайдалануды талап етеді.

Кеңесте отандық электр қуатын қажеттілікке қарай икемдеп өндіру мәселесі қозғалды. Соның ішінде газ генерациясы, энергия сақтау жүйелерін дамыту жоспарларымен қатар гидроэнергетиканың әлеуеті өзекті саналады.

Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысының айтуынша, аграрлық секторға, өнеркәсіп пен экономиканың басқа да салаларына су үнемдеу технологияларын кеңінен енгізу маңызды.

Сонымен қатар саланың ғылыми-техникалық және кадрлық жай-күйіне айрықша назар аударылды. Кәсіби кадрларды даярлау гидроэнергетика бағытындағы ғылыми-зерттеу базасын дамыту үшін де керек.

Жиын соңында Үкіметке және өңір әкімдеріне отандық энергетика жүйесінің тұрақтылығына қатысты мәселелерді жан-жақты шешу тапсырылды.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Мария Хаджиеваны ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары лауазымынан босатқан болатын

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: