Тоқаевқа Қазақстан экономикасындағы құрылымдық реформалар жайы баяндалды
Мемлекет басшысына Қазақстан экономикасындағы құрылымдық және институционалдық реформалардың жүзеге асырылуына жасалған сараптама жұмыстары таныстырылды, делінген Ақорда хабарламасында.
Бұдан бөлек, Президентке ұлттық статистиканы реформалау жөніндегі бағдарламаның іске асырылу барысы және Ұлттық статистика бюросын цифрлық ведомствоға айналдыру жөніндегі тапсырмасының орындалуы туралы мәлімет берілді.
Агенттік төрағасы мемлекеттік статистика және деректерді басқару мәселелері бойынша заң жобасы әзірленгенін баяндады.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік-экономикалық реформаларды сапалы әзірлеу маңызды екенін атап өтіп, осы бағыттағы жұмысты жалғастыруды тапсырды.
Айта кетсек, Шаймарданов аталған агенттікке 16 қыркүйектен бастап басшылық етіп келеді.