Президент Жандос Шаймардановты қызметінен босатты

Тиісті құжатқа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Жандос Нұрланұлы Шаймарданов Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы лауазымынан босатылды, деп жазылған Ақорданың Telegram-арнасында жарияланған хабарламада.
Шаймарданов Жандос Нұрланұлы – 1987 жылы 24 ақпанда Шығыс Қазақстан облысында туған.
2009 жылы "Болашақ" стипендиясы бойынша Ұлыбританиядағы Йорк университетін "Экономика және қаржы" мамандығы бойынша бітірген.
2020 жылы Испаниядағы IE университетінде Бизнес-талдау және Big Data магистрі дәрежесін алған.
Мансап
Еңбек жолын 2009 жылы ҚР Экономика және жоспарлау министрлігінде бас сарапшы қызметінен бастаған.
2010-2013 – "Самұрық-Қазына" АҚ менеджері.
2013-2014 – ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің кеңесшісі.
2014-2016 – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің директоры.
2016-2019 –"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ департамент директоры, басқарушы директоры.
2019-2020 – "QazTech Ventures" АҚ Басқарма төрағасы.
2020-2022 – ҚР Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясаты департаментінің директоры.
2022-2023 – ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы.
2023 жылғы 16 қыркүйектен бастап, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы.
Президенттік Жастар кадр резервінің мүшесі.