Жаңа Салық кодексі – қосымша құн салығынан кімдер босатылады
Фото: Zakon.kz
Оның айтуынша, жаңа Салық кодексінде ҚҚС мөлшерлемесі салық салынатын айналым көлеміне 16% болып белгіленді.
"Дәрі-дәрмектерге, медициналық бұйымдарға, сондай-ақ медициналық қызметтерге 2026 жылдан бастап ҚҚС мөлшерлемесі 5% деңгейінде белгіленеді, ал 2027 жылдан бастап – 10% болады. Сонымен қатар, мына жағдайларда ҚҚС-тан босату қарастырылған: міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) және мемлекеттік тегін медициналық көмек (МӘМС/ТМККК) аясында дәрі-дәрмек сату, осы бағдарламалар шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтер, үкімет бекіткен тізімге сәйкес орфандық және әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеу", – деді Нұржанов.
Сондай-ақ, оның айтуынша, 2026 жылдан бастап тұрғын үйді сату немесе жалға беру бойынша қызмет түрлері ҚҚС-тан босатылмайды, яғни бұл жеңілдік жойылады.
"Яғни, тұрғын үйлер мен үй-жайларды салумен айналысатын құрылысшылар үшін келесі жылдан бастап олардың айналымы салық салынатын айналым ретінде танылатын болады. 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін басталған құрылыс нысандары бойынша босатулар соңғы өткізуге дейін жалғасады. Салық кодексінде енгізілген кейбір босатулар бар. Бұл – ішкі туризм бойынша туроператорлардың қызметтері. Қазіргі кезде бізде тек кірмелік туризм ғана ҚҚС-тан босатылған. Сонымен қатар, отандық басылымдағы кітаптарды сату, баспа түрінде кітаптарды шығару қызметтері, сондай-ақ археологиялық жұмыстар ҚҚС-тан босатылады", – деп түсіндірді спикер.
Сонымен қатар ол ҚҚС-тан босату импорт кезінде де қолданылатынын атап өтті – бұл босату технологиялық жабдықты, оның құрамдас бөліктері мен қосалқы бөлшектерін қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу туралы келісім аясында әкелетін ресми даму көмегі саласындағы операторларға қатысты болады.
Сондай-ақ, арнайы салық режимін қолданатын тауарлар мен қызметтерді өткізу бойынша айналым ҚҚС бойынша айналым болып танылмайды – арнайы режимде жұмыс істейтін тұлғалар ҚҚС төлеушісі болмайды.
Бұған дейін Қаржы министрлігі жаңартылған ЭҚЖС (ОКЭД) тізімін алдағы күндері жариялауға уәде берген еді.