Таразда тұрғын үйлер жаңаша кейіпке енуде
Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Осы бай мұраны көздің қарашығындай сақтап, бүгінгі күннің тынысымен үйлестіру– баршаның ортақ міндеті.
Қаланың сән-салтанаты ең алдымен тұрғын үйлердің сырт келбетінде, олардың қасбеті мен шатырының жарасымында айқын көрінеді. Алайда уақыттың тоздырмас дүниесі жоқ. Жылдар өте келе талай үйдің қабырғасы құбылмалы ауа-райының әсерінен мүжіліп, шатыры ескіріп, көріксіз күйге енеді. Осы ретте ағымдағы немесе күрделі жөндеу жұмыстары тек құрылыс мәселесі емес, тұрғындардың өмір сапасын жақсарту, қала көркін арттыру, ортақ мәдениетті нығайту жолындағы маңызды қадам екені белгілі.

Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бұл бағытта Тараз қаласында жүйелі жұмыстар жүзеге асырылып жатыр. Айталық, көне шаһарға бірыңғай сәулеттік келбет беруге мақсатында көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу Қағидасы "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабына сәйкес әзірленді. Осыған орай 2024 жылы "Тұрғын үйлерді жаңғырту" бағдарламасы аясында 12 тұрғын үйдің қасбеттері мен шатырлары құны 793,6 миллион теңгеге күрделі жөндеуден өткізілді. Нәтижесінде Төле би даңғылында орналасқан №38,40,44,48,50,52,54,56,57,58,59 және Желтоқсан көшесіндегі №71 үй жаңаша кейіпке енді.
Бұл жұмыстар биыл да өз жалғасын тауып, ағымдағы жылы Абай даңғылы №117,121,123,128,129,130,132,134,139, Әйтеке би көшесі №1,2 және Қазыбек би көшесі №103,113,120,140 үйлер жаңғыртылып жатыр.
Сонымен қатар, 2025 жылы шатырымен қасбетің күрделі жөндеу үшін Абай даңғылы №123,128,132, Әйтеке би көшесі №2, Қазыбек би көшесі №120 үйлерге құны 875,544 миллион теңгеге мердігер – "Invest Kapital Stroj", Әйтеке би көшесі №1 үй құны 272,239 миллион теңгеге "Райша-3", және Абай даңғылы №129 үйге құны 284,461 миллион теңгеге "Ник-Тараз" ЖШС-мен келісім-шарт жасалды.

Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бұған қоса Абай даңғылы, №130 үй бойынша құны 297,908 миллион теңгеге мердігер "Нұрбек", Қазыбек би көшесі, №103,113,140, Абай даңғылы №117,121,134 үйлерге құны 712,686 миллион теңгеге "KazComStroykz" және шатырымен қасбетің ағымдағы жөндеу үшін Абай даңғылы, №139 үйге құны 131,352 миллион теңгеге "МаssStaff" серіктестіктерімен келісім-шарт жасалып, жұмыстар жүргізілуде. Жобаның жалпы құны 2,574 миллиард теңгені құрайды.