Депутат ЭҚЖЖ-нің "тыйым салынған тізімін" қайта қарауды ұсынды

Налоги, пошлины, калькулятор, коммунальные услуги, квитанция, квитанции, налогообложение, налог, платеж, платежи, оплата, коммунальные услуги, коммунальные платежи, коммуналка, квартплата, коммунальный платеж, жилищно-коммунальные услуги, повышение тарифов за коммунальные услуги, долг за коммунальные услуги, задолженность за квартплату, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.09.2025 16:24 Фото: freepik
2025 жылдың 24 қыркүйегінде Мәжіліс кулуарында депутат Айтуар Қошманбетов Жалпымемлекеттік экономикалық қызмет түрлері классификаторының (ЭҚЖЖ) жеңілдетілген салық режимін шектейтін "тыйым салынған тізімі" қайта қаралуы керек екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Депутаттың айтуынша, бұл күні Серік Жұманғарин маңызды мәлімдеме жасаған.

"Ұлттық экономика министрі, Премьер-Министрдің орынбасары сөз сөйледі – біз бұған қуаныштымыз. Халық арасында бұл мәселеге үлкен қызығушылық бар: "ЭҚЖЖ-мен не болады? Кімдерге жеңілдетілген салық режимінде жұмыс істеуге рұқсат етіледі, кімдерге рұқсат етілмейді?" деген сұрақтар өте көп. Біздің ұстанымымыз — қарапайым әрі нақты: халықпен тікелей жұмыс істейтін барлық шағын кәсіп иелеріне жеңілдетілген салық режимінде жұмыс істеуге рұқсат берілуі керек. Біз бұл мәселені Парламент қабырғасында талқылаған кезде, бар болғаны 40-50 қызмет түріне ғана шектеу қойылатыны туралы уағдаластық болған. Сол себепті бұл тізім "тыйым салынған тізім" деп аталды", – деді Айтуар Қошманбетов.

Депутаттың пікірінше, бұл "тыйым салынған тізім" барынша қысқа болуы керек.

"Біздің ойымызша, бұл тізімге мыналар кіруі тиіс: екінші деңгейлі банктер, қаржылық және сақтандыру ұйымдары, жер қойнауын пайдаланушылар, ірі өнеркәсіп иелері, акциздік тауар өндірушілер. Яғни, бұл – тар ауқымды санат. Ал қалғандарының бәріне жеңілдетілген салық режимінде жұмыс істеуге рұқсат беру қажет деп есептейміз. Себебі бұған дейін 1 миллион 700 мың кәсіпкер дәл осы режимде жұмыс істеп келген. Енді жағдайды түбегейлі өзгерту дұрыс емес. Бұл – бұқаралық, шағын бизнес. Олар халықпен жұмыс істейді. Мысалы, балабақша, шаштараз. Оларға жалпыға ортақ салық режимі не үшін керек? Ондай жағдайда олар бизнесті жабуға мәжбүр болады. Себебі бухгалтер жалдап, 20% Корпоративтік табыс салығын, 16% ҚҚС төлеу – бұл тауардың өзіндік құнының едәуір өсуіне әкеледі, және олар бәсекеге қабілетті бола алмайды", – деді депутат.

Оның айтуынша, мұндай жағдайда тек ірі компаниялар ғана өміршеңдігін сақтап қалады.

"Біздің басты қағидамыз – осы. Біз ашық талқылау болады деп үміттенеміз. Партия әрбір ЭҚЖЖ бойынша жеке ұстанымын білдіреді. Кез келген нормативтік-құқықтық акт әзірленгенде, әрбір қызмет түріне нақты есеп болуы тиіс: бұл экономикаға қалай әсер етеді, қандай өсім немесе құлдырау болады, қанша жұмыс орны ашылады немесе жабылады, қанша салық түседі. Міне, осындай нақты есеп бізге керек, біз әрбір ЭҚЖЖ-ні жеке талқылауға дайынбыз", – деп түйіндеді Айтуар Қошманбетов.

Бұған дейін Қазақстанда коммуналдық қызмет тарифтерінің өсу себептері аталғаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: