Ауыл шаруашылығы өндірушілері бірқатар арнайы техника үшін салық төлемейді
Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Ауыл шаруашылығы министрлігі салықтан босатылатын көлік құралдарының тізімін бекітті. Тиісті бұйрық 2025 жылғы 18 қыркүйекте қол қойылып, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Жеңілдік ауыл шаруашылығы өнімдерін, балық шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалықтарының басшылары мен мүшелеріне қатысты.
Тізімге өндірісте пайдаланылатын арнайы техника енгізілді. Олардың ішінде:
- сүт пен суды тасымалдауға арналған көлікцистерналар;
- ветеринариялық қызметтің автокөліктері мен автозообиологиялық зертханалары;
- жемтасымалдағыштар, тиегіштер, жанармай құю көліктері;
- тыңайтқыш енгізетін және ұшақтарды химикаттармен тиеуге арналған машиналар;
- шөп тасымалдағыштар, жемшашқыш автокөліктер;
- ауыл шаруашылығына арналған АН-2 ұшағы;
- астық жинайтын, жемшөп жинайтын және өзге де арнайы комбайндар;
- тракторлар, өзі жүретін шалғылар;
- ауыл шаруашылығы техникасын жөндеуге және техникалық қызмет көрсетуге арналған машиналар.
Осылайша, аталған арнайы техника түрлеріне көлік салығы толықтай жойылады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript