Ақтауда круиздік лайнерлер мен теңіз порты салынуы мүмкін

Ақтауда круиздік лайнерлер мен теңіз порты салынуы мүмкін, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2025 14:56 Сурет: unsplash
Маңғыстау облыстық Туризм басқармасының басшысы Ерсін Ибрашев 2025 жылғы 25 қыркүйекте Ақтауда өткен халықаралық туристік форумның кулуарында аймаққа туристерді тарту жоспары туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, биыл өңірдің туристік әлеуетін 2029 жылға дейін дамытуға арналған кешенді жоспар қабылданған. Оның аясында бірқатар инфрақұрылымдық және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру көзделген.

"Ресей, Әзербайжан және Иран тарапынан осы бағытты дамытуға қызығушылық бар, яғни круиздік лайнерлерді іске қосу жоспарлануда. Қазір локация анықталуда. Бұл теңіз вокзалы болады – бағыт Каспий маңы елдері бойынша жасалады. Ол көрші мемлекеттер – Ресей, Әзербайжан, Иран, Өзбекстан және Түрікменстан арасында қатынайды", – деп түсіндірді спикер.

Айта кетсек, қазіргі таңда бұл нысанды салуға арналған орын қарастырылып жатыр.

"Кешенді жоспарда бұл жоба бар, әрі бұл бағытта жұмыс жүргізілуде", – деп атап өтті Ибрашев.

Еске салсақ, 2025 жылғы 10 мамырда Ақтау порты акваториясында кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін теңіз түбін 1,5–2 метрге дейін тереңдету жұмыстары жүргізілетіні хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: