26–28 қыркүйекке синоптиктердің болжамы: оңтүстікте күн ашық, елорда мен Алматыда жаңбыр
Фото: unsplash
Астана бойынша болжам
26 қыркүйек: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз жел екпіні 7–12 м/с дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +11…+13°C, күндіз +26…+28°C.
27 қыркүйек: ауыспалы бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай. Желдің жылдамдығы 15–18 м/с. Температура түнде +9…+11°C, күндіз +22…+24°C.
28 қыркүйек: ауыспалы бұлтты, кей жерлерде жаңбыр, найзағай. Жел екпіні 18 м/с дейін жетеді. Температура түнде +8…+10°C, күндіз +13…+15°C.
Алматы бойынша болжам
26 қыркүйек: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің екпіні 8 м/с дейін. Ауа температурасы түнде +9…+11°C, күндіз +23…+25°C.
27–28 қыркүйек: ауыспалы бұлтты, өткінші жаңбыр, найзағай. Жел әлсіз болады. Температура түнде +11…+13°C, күндіз +26…+28°C.
Шымкент бойынша болжам
26 қыркүйек: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз жел екпіні 15–20 м/с дейін көтеріледі. Температура түнде +13…+15°C, күндіз +27…+29°C.
27–28 қыркүйек: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы – 13 м/с. Температура түнде +13…+15°C, күндіз +27…+29°C.
Айта кетейік, бұған дейін синоптиктер 25–27 қыркүйек аралығында бүкіл Қазақстан бойынша ауа райы болжамын жариялаған болатын. Мамандардың айтуынша, қазір ел жазғы аптап пен күзгі салқын арасындағы кезеңде тұр. Ел бойынша ауа температурасы +30°C-тан –2°C-қа дейін құбылады.