Қазақстанда алғашқы АЭС-ке атауды таңдау конкурсы жарияланды: қатысушыларға не білу маңызды

АЭС, атомная электростанция, производство электроэнергии, атомная промышленность, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2025 16:36 Фото: pexels
Қазақстанда елдің алғашқы атом электр станциясына (АЭС) ең жақсы атауды таңдау конкурсы басталды. Бұл туралы бүгін ҚР Атом энергиясы агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Агенттіктің мәліметіне сәйкес, конкурсқа елдің әрбір азаматы eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы қатыса алады.

"2025 жылғы 25 қыркүйекте сағат 12:00-де Қазақстанда алғашқы атом электр станциясына ең жақсы атауды таңдау бойынша жалпыұлттық конкурс басталды. Опрос eGov Mobile қосымшасында жүргізіледі. Басты бетте "АЭС-ке атау ойлап тап" баннері орналастырылған, ал пайдаланушыларға конкурс басталғаны туралы push-хабарлама жіберілді", – делінген агенттік Telegram-каналында жарияланған хабарламада.

Конкурстың мақсаты – болашақ станцияға тарихи, мәдени және ұлттық мәнді бейнелейтін атауды таңдау.

Агенттік атап өткендей, конкурсқа қатысу үшін:

  • тіл таңдау қажет (қазақша немесе орысша);
  • өз нұсқаңызды ұсыну қажет;
  • оның мәнін қысқаша сипаттау мүмкіндігі бар (міндетті емес);
  • конкурс ережелерімен танысқаныңызды растау қажет.

Ұсыныстар жинау мерзімі: 10 қазан 2025 жыл, сағат 23:59 дейін.

Конкурс ережелері агенттіктің ресми сайтында және әлеуметтік желілердегі парақшаларында қолжетімді.

Агенттік барлық азаматтарды ел энергетикасының тарихына өз үлестерін қосып, Қазақстандағы алғашқы АЭС-ке атау ұсынуға шақырады.

Конкурс кестесі:

  • 25 қыркүйек – конкурс басталуы ресми түрде жарияланды;
  • 25 қыркүйек – 10 қазан – eGov Mobile қосымшасы арқылы ұсыныстар жинау;
  • 11 – 24 қазан – ұсыныстарды талдау;
  • Қазан айының соңына дейін – ең үздік АЭС атауы анықталады.

Еске салсақ, 2025 жылғы 8 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жылдық Жолдауында Қазақстанға екінші және үшінші АЭС құрылысына жоспарлауды қазірден бастау қажет екенін мәлімдеген еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: