Найзағай, дауыл және үсік: Қазақстанда 26 қыркүйекте ауа райы қандай болады
Сурет: pixabay
Метеорологтардың айтуынша, солтүстік циклон және онымен байланысты фронттық бөліністер Қазақстан аумағы арқылы жылжуын жалғастырады.
"Тек шығыс пен оңтүстік-шығыс аймақтарға антициклонның ықпалы тиіп, ауа райы жауын-шашынсыз болады", - делінген "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметінің хабарламасында.
Қосымша мәліметке сәйкес, республика бойынша желдің күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл болуы ықтимал.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында 1°С үсік күтіледі.
Сонымен қатар Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Павлодар облысының шығысында, Атырау облысының солтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.
Ал Түркістан, Қызылорда облыстарында, Атырау облысының солтүстігі, оңтүстігі мен шығысында, Жамбыл облысының батысы, солтүстігі мен орталығында, Батыс Қазақстан облысының батысы, оңтүстігі және шығысында, Ақтөбе облысының батысы, солтүстігі, солтүстік-шығысы мен орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, Қарағанды және Қостанай облыстарының оңтүстігінде, сондай-ақ Ұлытау облысында төтенше өрт қаупі сақталады.