Астанада LRT сынақ режимінде іске қосылды
Сурет: видеодан алынды
Видеомен елордалықтар әлеуметтік желіде жаппай бөлісуде.
Бұған дейін қала әкімі Жеңіс Қасымбек атап өткендей, шамамен 20 немесе 30 қыркүйекте LRT желісімен алғашқы пойыз жолға шығады, ал оның маршруты "Абу-Даби" станциясына дейін және Мәңгілік Ел даңғылы арқылы өтетін көпір бағытына дейін қамтуы мүмкін.
Әкімнің айтуынша, жалпы сынақ кезеңі 3 айдан 6 айға дейін жалғасады. Қазан айында қосымша сегіз пойыз жеткізіледі, ал желтоқсанға дейін жолға шыққаны барлығы 18 құрам болады. Біздің жоспарымыз бойынша, барлық пойыз келесі жылдың басынан бастап толыққанды іске қосылады. Желтоқсанның соңына қарай немесе қаңтардың басы мен ортасына қарай барлық пойыз тестілік режимде жүретін болады. Жолақының жобалық құны – 200 теңгені құрайды.
Еске салайық, 2025 жылғы 8 тамызда Астанада жеңіл рельсті көлікті (LRT) пайдалануға дайындаудың белсенді кезеңі басталғаны хабарланған еді.