Алматы облысындағы резонанстық жер дауына нүкте қойылды
Фото: Zakon.kz
Қарасай ауданында резонанстық жер ісі бойынша ашық сот отырысы өтті. Бұл туралы Алматы облысының прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
2025 жылғы наурыз айының ортасында әлеуметтік желілерде Қарасай ауданы әкімдігінің шенеуніктері "бөгетті жеке тұлғаға сатып жіберді" деген ақпарат тараған еді. Сол кезде Бұлақты ауылының тұрғындары бөгет маңында құрылыс басталғанын айтып, ол бөгетті зақымдауы мүмкін екенін және нәтижесінде су басу қаупі туындайтынын жеткізген.
"Қазақстан азаматы елді мекенді су басудан қорғайтын бөгет жанындағы жер телімінде жер қазу жұмыстарын бастаған. Бұл жергілікті тұрғындардың өміріне қауіп төндіруі ықтимал еді. Қоғамда үлкен резонанс тудырған бұл жағдайға Қарасай аудандық прокуратурасы бейжай қарамай, заңдылықты қалпына келтіру үшін сотқа жүгінді. Қадағалаушы орган жер телімінің заңсыз берілгенін және сатылғанын дәлелдеп, тиісті шешімді жоюды талап етті. Сот прокуратураның талабын қанағаттандырды", – деді 29 қыркүйекте Алматы облысы прокуратурасында.
Іске қатысты барлық құжат жарамсыз деп танылып, жер телімін беру заңсыз деп жарияланды.
Айта кетейік, бұған дейін, 2025 жылғы 27 қыркүйекте Алматы облысында бұрынғы шенеуніктер мен Forbes тізіміндегі миллионерлерден 21 мың гектар жердің қайтарылғаны белгілі болған еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript