Балқашта жылдар бойы игерілмеген жер иесінен тәркіленіп, аукционға қойылды

Земельный участок, земельные участки, земля, землевладение, участок земли, участки земли, территория, территории, земельная доля, стоимость земли, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.12.2025 14:17 Фото: freepik
Балқаш жағалауындағы пайдаланылмаған жер телімі мемлекеттік меншікке қайтарылды. Бұл туралы бүгін, 11 желтоқсанда ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, жоспардан тыс тексеру нәтижесінде Торанғалық ауылында орналасқан, аумағы 0,5 гектарды құрайтын, демалыс аймағын абаттандыру және туристік қызметтер көрсету үшін берілген, бірақ көптеген жылдар бойы пайдаланылмаған жер телімі анықталды.

Кәсіпкерге жерді игеру туралы нұсқама берілген.

Нұсқаманың орындалмауына байланысты департамент кәсіпкерге айыппұл салып, жер учаскесін мәжбүрлі түрде алып қою туралы талаппен сотқа жүгінді.

Осылайша, Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты ЖРБД талаптарын толық қанағаттандырып, жер телімін мәжбүрлеп алып қою және оны кейіннен сауда-саттыққа (аукционға) қою туралы шешім қабылдады.

"Сот шешімі заңды күшіне енді",- деп мәлімдеді ведомство.

Бұған дейін стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігіне жаңа функциялар қосылғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: