Тегін автобустар және метро жұмысын ұзарту: Алматыда УЕФА матчынан соң көлік қозғалысы қалай ұйымдастырылады

Общественный транспорт в Алматы, автобусы в Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.09.2025 11:07 Фото: Zakon.kz
Алматыда "Қайрат" (Алматы) және "Реал Мадрид" (Мадрид) командалары арасындағы футбол матчының жанкүйерлеріне ыңғайлы болу үшін тегін автобустар жүреді.

Қала әкімдігінің дерегінше, тегін автобус маршруттары орталық стадионнан матч аяқталғаннан кейін негізгі нүктелерге дейін жүреді.

Барлығы 60 автобус жолға шығып, 6 нүктеге дейін қатынайды:

  • Орталық стадион – "Алматы Арена" (тақтайша – А1, жүретін орны – Абай даңғылы батыс бағытта);
  • Орталық стадион – Райымбек/Алатау (тақтайша – А2, жүретін орны – Абай даңғылы батыс бағытта);
  • Орталық стадион – "Алматы -1 вокзалы" т/ж (тақтайша – А3, жүретін орны – солтүстік бағыттағы Байтұрсынов көшесі);
  • Орталық стадион – Орбита ш/а (тақтайша – А4, жүретін орны – оңтүстік бағыттағы Байтұрсынов көшесі);
  • Орталық стадион-Жұлдыз ш/а (тақтайша – А5, жүретін орны – Шығыс бағыттағы Абай даңғылы);
  • Орталық стадион – әуежай (тақтайша – А6, жүретін орны – шығыс бағытта Абай даңғылы);

Сонымен қатар, қала метросының жұмысы түнгі сағат 01:00-ге дейін ұзартылады. "Байқоңыр" және "М. Әуезов атындағы театр" бекеттерінде матч өткізу кезінде жолаушыларды қауіпсіз тасымалдау және сапалы қызмет көрсету үшін қызметкерлер саны күшейтіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: