Димаш Құдайберген шоуының түсірілімі аяқталғанын хабарлады

Димаш Құдайберген шоуының түсірілімі аяқталғанын хабарлады, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.09.2025 13:09 Сурет: dimashnews
29 қыркүйекте Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген "Казмедиа орталығында" өткен баспасөз мәслихатында жаңа қазақстан-қытайлық "Voice Beyond Horizon" жобасына байланысты мәлімет берді, деп жазады Zakon.kz.

Әншінің Hunan Broadcasting System телекомпаниясымен бірлескен халықаралық телевизиялық жобасының түсірілімдері 2025 жылдың қыркүйек айы бойы Қазақстанда өтіп, өз мәресіне жетті, деп хабарлайды "Хабар" телеарнасы.

Ауқымды шоу Қазақстанның алты өңірін қамтыды. Жобаға Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Италия, Малайзия және Сербиядан өнерпаздар қатысып, олардың өнерін халықаралық қазылар алқасы бағалады.

Авторлардың айтуынша, бұл жоба тек әр елдің өнерпаздарын біріктіріп қана қоймай, Қазақстанның табиғи әсемдігі мен туристік әлеуетін де паш етті.

"Осы жобаның аясында мәдениет пен туризмнің дамуына аса құнды үлес қосылды деп есептеймін. Біз көрерменге қатысушылардың вокалдық мүмкіндіктерін ғана емес, еліміздің көрікті жерлерінің сұлулығын да көрсеттік. Туризмнің дамуы Қазақстан экономикасына зор үлес қосатынына сенімдімін", – деді Димаш Құдайберген.

Сонымен қатар, Семейдің басты аруы "Мисс Қазақстан" байқауына қатысудан бас тартқаны белгілі болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: