1-3 қазанда Астана, Алматы мен Шымкент тұрғындарын ерекше ауа райы күтіп тұр

Дождь, дожди, осадки, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.09.2025 15:24 Фото: unsplash
Астанада қар мен -6°C-қа дейінгі аяз, Алматыда нөсер, ал Шымкентте +20°C-қа дейін жылылық күтіледі. Мұндай болжамды 2025 жылғы 1, 2 және 3 қазанға арналған ауа райы мәліметінде "Қазгидромет" РМК ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астанаға болжам

1 қазан: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыс желі түнде 2-7 м/с, күндіз 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -4…-6°C, күндіз +6…+8°C.

2 қазан: ауыспалы бұлтты, кей жерлерде жаңбыр соңы қарға ұласуы мүмкін. Солтүстік-батыс желі 9-14, екпіні 15-20 м/с. Температура түнде +1…+3°C, күндіз +7…+9°C.

3 қазан: ауыспалы бұлтты, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар). Түнде және таңертең тұман. Солтүстік-батыс желі 7-12 м/с. Температура түнде -1…-3°C, күндіз +4…+6°C.

Алматыға болжам

1 қазан: бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр, кейде қатты жаңбыр. Шығыс желі 3-8 м/с, екпіні 13 м/с. Температура түнде және күндіз +6…+8°C, кейін төмендейді.

2 қазан: ауыспалы бұлтты, түнде жауын-шашын (негізінен жаңбыр), тұман. Шығыс, оңтүстік-шығыс желі 2-7 м/с. Температура түнде +3…+5°C, күндіз +10…+12°C.

3 қазан: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік желі 2-7 м/с. Температура түнде +3…+5°C, күндіз +13…+15°C.

Шымкентке болжам

1 қазан: ауыспалы бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай. Солтүстік-шығыс желі 8-13 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Температура түнде +8…+10°C, күндіз +14…+16°C.

2 қазан: ауыспалы бұлтты, кей жерлерде жаңбыр. Жел солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с. Температура түнде +6…+8°C, күндіз +16…+18°C.

3 қазан: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыс, шығыс желі 8-13 м/с. Температура түнде +6…+8°C, күндіз +18…+20°C.

Бұған дейін синоптиктер Қазақстанның оңтүстігіне алғашқы қар мен суық 30 қыркүйек пен 1-2 қазанда келетіні туралы ескерткен еді. Сондай-ақ қар жауып, күрт суытатын бес өңірдің атауы жарияланды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: