Алыпсатарлық тексеріледі: ІІМ "Қайрат" – "Реал" матчына билеттердің заңсыз сатылуы фактісін анықтауда
Фото: Zakon.kz
2025 жылғы 1 қазанда ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Мәжіліс кулуарында "Қайрат" – "Реал" Чемпиондар лигасындағы матчына билеттердің заңсыз сатылуына қатысты ақпаратқа пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Ойыннан кейін әлеуметтік желіде қазақстандықтар бірнеше билеттің алдын ала бір адамның атына сатып алынып, кейін қымбат бағада қайта сатылғанына жаппай шағымдана бастады.
"Қайрат" – "Реал" матчының билеттерін сатып алуда болған алыпсатарлықты қалай түсіндіресіз? Себебі Сәкен Майғазиев пен Еспановтың ұлдары 50 билеттен сатып алып, қымбат бағамен сатқан. Билеттер ЖСН арқылы сатылғанымен, осындай жағдайлар орын алды. Бұл фактілерді тексересіздер ме? Жалпы, бұл қалай мүмкін болды?" – деп сұрады журналистер полиция өкілінен.

Сурет: Facebook/Syrym Itkulov
ІІМ өкілі бұл ақпаратты енді ғана естігенін айтты.
"Егер өтініш түссе, біз тексеру жүргізуге дайынбыз. Міндетті түрде тексеру жүргізіліп, процессуалдық шешім қабылданады. Мұндай шағымдарды мен көрген жоқпын, бірақ кез келген жағдайда міндетті түрде тексеру шараларын жүргіземіз", – деді Санжар Әділов.
Бұған дейін "Қайрат" пен "Реал Мадрид" матчының онлайн-көрсетіліміндегі ақаудың себебін жазған болатынбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript