Қазақстандағы амнистия аяқталды – кімдер бостандыққа шықты

Тюрьма, тюрьмы, места лишения свободы, зона, решетка, лишение свободы, заключенный, заключенные, заключение, колония, место заключения, места заключения, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.10.2025 16:40 Фото: Zakon.kz
2025 жылғы 1 қазанда Мәжіліс кулуарында ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов елдегі амнистияның аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, амнистия іс жүзінде толық жүзеге асқан.


"Бостандыққа тек қамауда отырғандар ғана емес, сондай-ақ қылмыстық қудалау орбитасында болған азаматтар да шықты. Амнистия әкімшілік құқық бұзушылықтар, шағын және орташа ауырлықтағы, материалдық залал келтірмейтін қылмыстар бойынша қолданылды", – деді Әділов.

Ол амнистияланғандардың нақты саны мен олардың қандай қылмыстар үшін жазасын өтегені жөнінде толық ақпаратты кейін ІІМ баспасөз қызметі арқылы жариялайтынын атап өтті.

Сонымен қатар вице-министр амнистияға іліккендерге қатысты пробациялық бақылау міндетті түрде жүргізілетінін жеткізді.

Еске сала кетейік, 2025 жылдың маусым айында президент Қасым-Жомарт Тоқаев амнистия туралы заңға қол қойған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: