Алматы әкімдігінде кадрлық ауыс-түйіс: жаңа орынбасар тағайындалды
Сурет: gov.kz
Нұрлан Абдрахим 1980 жылы дүниеге келген. "Қайнар" университетін және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ұлттық мемлекеттік саясат мектебін тәмамдаған. Білімі бойынша – заңгер, сонымен қатар саясаттану мамандығы бойынша әлеуметтік ғылымдар магистрі.
Еңбек жолын 2001 жылы "Астанаэнергосервис" АҚ абоненттік учаскесінде бақылаушы болып бастаған. Кейін ҚР Әділет министрлігінде қызмет етіп, жетекші маманнан департамент директоры және Зияткерлік меншік комитетінің төрағасына дейінгі лауазымдарды атқарды.
Әр жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінде мемлекеттік инспектор және бөлім меңгерушісінің орынбасары болған. 2023 жылдың сәуірінен бастап Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарды.
Еске салайық, 2025 жылдың тамыз айында Дархан Сатыбалды Алматы әкімі орынбасары лауазымына Президент Әкімшілігінің бұрынғы мемлекеттік инспекторы Алмасхан Сматлаевты тағайындаған еді.