Қазақстан мен Түрікменстан қылмыспен күрес мамандарымен алмаса бастайды

Задержание, арест, наручники, задержанный, арестованный, преступник, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.10.2025 16:46 Фото: pexels
2025 жылғы 1 қазанда Мәжіліс Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы қылмыспен күрестегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Құжат 2024 жылдың 10 қазанында Ашхабадта қол қойылған болатын.

Келісім 14 түрлі қылмысқа қарсы күресте құқықтық негіз қалайды. Олардың қатарында ұйымдасқан қылмыс, терроризм, экономикалық қылмыстар, есірткі құралдарының заңсыз айналымы, мүлікке қарсы қылмыстар және басқалары бар. Сондай-ақ тараптар өзара келісім бойынша өзге де қылмыс түрлерімен күрес саласында да әріптестік жасай алады.

Құжатта ынтымақтастықтың нақты бағыттары да айқындалған: іздеуде жүрген адамдарды анықтау, ұстау, қамауға алу немесе олар туралы ақпарат беру бойынша құзырлы органдардың сұрауларын орындау, жедел-анықтамалық, криминалистикалық және мұрағаттық ақпарат алмасу, қылмыстың алдын алу мен күресте тәжірибе бөлісу, мамандармен алмасу, ғылыми зерттеулер нәтижелерін алмасу және тағы басқалар.

Айта кетейік, қыркүйек айында Мәжіліс Қазақстан мен Марокко арасындағы қылмыскерлерді беру туралы келісімді де ратификациялаған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: