Мемлекет басшысы Нигерия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Нигерия президенті Бола Ахмед Тинубуға жеделхат жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы бүгін, 2025 жылғы 1 қазанда Ақорда мәлімдеді.
"Қасым-Жомарт Тоқаев Бола Ахмед Тинубуды Нигерия Федеративтік Республикасы Тәуелсіздігінің 65 жылдық мерейтойымен құттықтады". Ақорда
Таратылған мәліметке сүйенсек, Президент жеделхатында Қазақстан мен Нигерия арасындағы қарым-қатынастың достық сипатқа ие екенін атап өтіп, қос халықтың игілігі жолында ынтымақтастықты одан әрі дамытуға әзірлігін растаған.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Қазақстанда жасанды интеллектіні дамытуға қатысты маңызды міндетті атағанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript